Қараой мектеп - балабақшасының кеңес беру орталығына келген ата-анаға психолог З.Сәбитқызы “ Отбасындағы сенімділік пен сыйластық” тақырыбында тренинг өткізіп, отбасы құндылықтары туралы кеңес берді. Сонымен қоса, балабақша тәрбиешісі Н.Құбаева “Табиғат құпиялары “ тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізіп, “Табиғат ғажайыптары”, “Қар астындағы сурет” ойындары арқылы баланың танымын, сөздік қорын дамытты. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді бақылап, еңбек әрекеттері арқылы тірі табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндірді.





