Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Қараой мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Караойская школа-сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Балабақшада “Жасыл балабақша” жобасы аясында “Жасыл балабақша-экологиялық сана қалыптастырудың бастауы” тақырыбында әдістемелік отырысы өтті. Әдістемелік отырыс барысында педагогтер экологиялық тәрбие берудің заманауи жолдарын талқылап, тәжірибелік жұмыстармен бөлісті. Сонымен қатар, балабақша аумағын көгалдандыру, өсімдіктерге күтім жасау, экологиялық ойындар мен танымдық іс-шараларды ұйымдастыру жолдары қарастырылды.

WhatsApp_Image_2025-12-13_at_22.07.42_1.jpeg

Караой мектеп-балабакшасында “Жасыл балабақша “ пилоттық жобасы жоспары бойынша “Жасыл ел-жасыл балабақшадан басталады” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарды жобаның мақсатты мен міндеттерімен таныстырып, экологиялық, мәдениетін қалыптастыру жолдары талқыланды. Ата-аналармен бірге балабақша аумағын көгалдандыру, балабақшада бөлме  гулдерін отырғызу, эко-бұрыш  ұйымдастыру, қалдықтарды сұрыптау, экосағаттар  өткізу  бағыттары  бекітілді.

WhatsApp_Image_2026-02-09_at_17.55.39.jpeg

Бүгін балабақшамызда табиғатты аялауға бағытталған  "Жасыл  ел-жарқын  болашақ!" атты "Жасыл  балабақша" пилоттық  жобасының ашылуы  өтті. Шараға Қараой ауылының мекеме басшылары, қамқоршыылыық кеңесінің мүшесі және ата-аналар комитетінің төрайымы мен мүшелері қатысты. Шара  барысында бүлдіршіндер табиғат туралы әсерлі  тақпақтар  оқып, әсем  әндер  айтып, би  биледі. "Табиғатты  аялайық"  тақырыбында  қойылған көрініс арқылы балалар қоршаған ортаны  қорғаудың   маңыздылығын   көрсете  білді. Қонақтарға жоба аясында  жасақталған эко-топ таныстырылып,балалардың   табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыруға  бағытталған  жұмыстар  туралы  толық  мағлұмат  берілді. Сонымен  қатар "Жаңа  өмір  сыйлайық" тақырыбында қалдық  заттардан жасалған  қолөнер  бұйымдарын  тамашалап,  ата-аналар  мен  балалардың шығармашылық қабілеттеріне  тәнті  болды. Шара  соңында келген  қатысушылар өздерінің  жылы  лебіздерін  білдіріп, жобаның  болашағына  сәттілік  тіледі.

WhatsApp_Image_2026-02-04_at_11.42.53.jpeg

WhatsApp_Image_2026-02-04_at_11.42.53_1.jpeg

© 2026 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Қараой мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Караойская школа-сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области