Қараой мектеп - балабақшасында кеңес беру орталығына келген ата-аналарға балабақша тәрбиешілері жұмыс жоспары бойынша қазан айында “Үйде балалардың танымдық қабілеттерін дамыту” тақырыбында жұмыс жүргізді. Мақсаты: Үй жағдайында балалардың қабілеттерін дамыту. Ата-аналарға балалардың ойлау, есте сақтау сияқты ақыл-ой дағдыларын жетілдірудің тиімді әдістерін ұсыну. Сонымен қатар ата-аналарды балалардың күнделікті өмірде танымдық қабілеттерін арттыруға жағдай жасауға бағыттау.





