Балабақшада “Жасыл балабақша” жобасы аясында “Жасыл балабақша-экологиялық сана қалыптастырудың бастауы” тақырыбында әдістемелік отырысы өтті. Әдістемелік отырыс барысында педагогтер экологиялық тәрбие берудің заманауи жолдарын талқылап, тәжірибелік жұмыстармен бөлісті. Сонымен қатар, балабақша аумағын көгалдандыру, өсімдіктерге күтім жасау, экологиялық ойындар мен танымдық іс-шараларды ұйымдастыру жолдары қарастырылды.





