«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша
демеушілік көрсеткендер
«Туған жерге тағзым» акциясы және «Түлек kz»жобасы негізінде Қараой мектеп - балабақшасына 2017 жылдың қаңтар айында мектеп мұғалімдердің демеушілігімен дәліз бойына (ІІ қабат) 45 мың теңгеге стенд (3 дана) және бала бақша ұжым мүшелерінің демеушілігімен балабақшаның дәлізіне 45 мың теңгеге кілемше (1 дана) және баннерлер мен кабиенеттерге стендтер80 мың теңгеге (7 дана) жасақталып, ілінді.
2017 жылдың ақпан айында 1969 жылы туылған Қараой ауылының тумасы Омарова Райса Айтқалиқызы мектептің мұғалімдер бөлмесіне үстел (25 мың) алып берді. Сонымен қатар кабинетке 22 мың теңгеге стенд (3 дана) және мектеп мұражайына 23 мың теңгеге стенд (2 дана) жасақтап, іліп берді.