2023 жылдың 21 ақпаны күні ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру, әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға кіріктірілуі құқықтарын жүзеге асыру мақсатында «Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары» тақырыбында жалпы білім беретін ұйымдардағы педагог-ассистенттер мен ресурстық кабинетінің мамандарына арналған аудандық семинар-практикум өткізілді. Мамандар тарапынан сабақтар мен практикалық жұмыстар көрсетіліп, баламен жұмыстану кезіндегі ұтымды әдіс-тәсілдермен бөлісті:
А.Ә.Сәркенаева - Ерекше білім беруді қамтамасыз ететін нормативті - құқықтық құжаттар
А.М.Тілепбергенова - «Мейірімділік-рухани жан байлығы» практикалық жұмыс
Қ.М.Қойбағарова - Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жалпы білім беретін мектепте білім алуына толық жағдай жасау жолдары мен кезеңдері.
А.Қ.Утенова - Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың таным процестерін дамытудағы ойын тәсілдері(практикалық жұмыс)
А.Мәлікқызы - «Шахмат»диагностикасы
Іс-тәжірибесімен бөліскен мамандар марапатталды.