Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарымен жұмыстар жүргізілді.
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарды анықтау және кеңес беру. Алдымен балабақша әдіскері Ж.Абылқызы консультациялық пункт туралы түсіндірді.
Педагог-психолог "Балалардың психологиялық даму" туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үй жағдайындағы дамытушы ойындардың түрлерін көрсетті.
Балабақша медбикесі ата-аналарға "Тұмаудың алдын алу шаралары" жөнінде кеңестер берді.